Әуеқозғалтқыштар мен энергетикалық жабдықтар өндірісімен айналысатын британдық Rolls-Royce компаниясы 2016 жылы салық төлеуге дейін 4,6 млрд фунт стерлинг соммасында (5,7 млрд доллар) рекордтық шығынға ұшырады.
Rolls-Royce"брекситтен" кейінгі британ фунты курсының төмендеуінен зардап шекті, себебі авиация бизнесінде көптеген келісімдер доллармен бекітіледі. Курстың өзгеруіне байланысты компания келісімшарттардан 4,4 млрд фунт стерлинг жоғалтты.
Есеп беру кезінде Еуропадағы әуе қозғалтқыштарын өндіретін ірі кәсіпорын сыбайлас жемқорлық жанжалына араласты. Компанияға сыбайлас жемқорлықпен айналысты, айта кетсек, 12 елмен келісімшартты жемқорлық жолымен алғандеген айып тағылды.
2016 жылы компания Ұлыбритания және АҚШ басшыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы істерді ретке келтіру үшін 671 млн фунт (838 млн доллар) көлемінде айыппұл төлеуге келісті.
Компания Индонезия, Таиланд, Индия, Ресей, Нигерия, Қытай және Малайзиядағы мемлекеттік энергетикалық компаниялардың құзіретті тұлғаларына төлемдерді мойындады. Компанияға күдік 2012 жылы пайда болған.
- Rolls-Royce-қа қарсы пара және сыбайлас жемқорлық туралы іс қозғалды.
- Rolls-Royce роботтандырылған кеме шығарып жатыр.
Rolls-Royce – әуе қозғалтқыштары және кеме, сонымен қатар энергетикалық жабдықтар өндірісіне мамандандырылған британдық компания.
Компания жемқорлыққа байланысты наразылықтарды реттеу үшін 671 млн фунт төлейтінін айтқанда, компания акциялары арзандамады, керісінше, 6%-ға өсті, деп хабарлады Би-би-Си шолушысы Доминик О'Коннелл.
Инвесторлар компания үшін жаманы артта қалғанын түсінді. Сарапшы Rolls-Royce-тың қиын күйіне көңіл бөлді. Оның 30 млрд фунт көлемінде «қауіпсіздік көпшігі» бар, ол валюталық тербелістерден қорғауы керек еді.
Бәрі бұдан да жаман болуы мүмкін еді деп түйіндеді О'Коннелл.
Фариза Мұқанова
«The Qazaq Times»