Соңғы уақыттар да Ресей мен Батыс елдері және Қытай арасында орта, қысқа қашықтықтағы зымырандардың тақырыбы көбірек көтерілуде. Бұл Трамп үкіметінің АҚШ-Кеңес одағы арасында қол қойған Орта қашықтықтағы ядролық қарулар туралы келісімнен бас тарту туралы шешіміне байланысты қозғалуда. Бұл жөнінде АҚШ үкіметінің де өзіндік уәжі бар.
Бір күні бұрын Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу Грекияның қорғаныс министрі Панос Камменоспен кездесу кезінде Еуропа елдеріне орта қашықтықтағы зымыран жөнінде ескерту жасады. Ол сөзінде Еуропа елдері орта қашықтықтағы зымырандарды орнататын болса, оның зардаптары туралы ескеруі керек дегенді айтты.
Осыған дейін Ресей тарабы, егер АҚШ Еуропа елдеріне орта қашықтықтағы зымырандарды орнатуға әрекеттенсе, бұл Ресей тарабынан соған тең келетін әрекетпен жауап берілетінін қайта-қайта айтып келеді. Мәскеудің бұл дөңайбат көрсетуі бір есептен, Батыс елдері үшін жаттанды жауапқа да айналып бара жатыр деуге болады.
Шойгу Крекия қорғаныс министріне кездесу кезінде, бұл мәселеге Еуропа елдері және НАТО-ның басқа елдері қалай қарайтынын білгісі келгенін жеткізді. Бұдан Мәскеудің Еуропа елдерін АҚШ шешіміне қарсы қоюға тырысатынын байқауға болатындай.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
АҚШ пен Ресей арасындағы теңіздегі текетірес: «көлеңкелі флотқа» жататын Marinera танкерінің ұсталуы нені аңғартады?
Ирандағы наразылық: халық пен қауіпсіздік күштері қақтығысқа бет алды, адам өлімі артты
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Ирандағы наразылықтар және АҚШ-тың риторикасы: аймақтық қауіпсіздікке ықпалы
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні