АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні «2018 жылғы АҚШ су инфрақұрылымы туралы заңына»  қол қою кезінде журналистердің АҚШ-Қытай қарым-қатынасы туралы сұрақтарына жауап берді.

VOA агенттігінің Ақ үйдегі тұрақты тілшісі Генмен: « АҚШ кемелеріне Тайуан (Тайвань) бұғазына баруы, онсызда қайшылықта тұрған екі ел қатынасын тіпті де шиеленістіріп жіберуінен алаңдамайсыз ба?», – деген сұрағына, президент Трамп: «Мені бұл алаңдатпайды. Мен ешқашан бірнәрседен алаңдаған емеспін», – деп жауап берген.

АҚШ Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы, құрлық армиясының полковнигі Роберт Маннинг Ақ үйдегі баспасөз жиынында : «АҚШ теңіз әскери күштерінің Кертис Уилбур (USS Curtis Wilbur) басқарылмалы зымырандарды жойғыш кемесі мен  USS Antietam ракеталық крейсер дүйсенбі күні халықаралық заңдарға сәйкес Тайуан бұғазынан «дәстүрлі түрде» жүзіп өтті.», – деп мәлімдеген.

АҚШ кемелерінің Қытай территориясына жақын су айдынына, айталық, даулы Оңтүстік Қытай теңізінің солтүстігінен жүзіп өтуі екі ел арасындағы әскери қайшылықты өршіте түседі деп болжануда. Дегенмен, АҚШ осы арқылы Қытайдың аймақтағы асқына түскен әскери кеңеюіне тосқауыл қойып, халықаралық ортақ су жолдарының жалпыға бірдей қолжетімділігін сақтауды мақсат етпек.

“The Qazaq Times”