Ресей Калининград облысындағы ядролық қару қоймаларын жаңартты – дейді CNN.
Телеарнаның ресми сайты 19 шілде мен қазанға дейінгі аралықта ImageSat International компаниясы спутниктен түсірілген суреттерді жариялады. Ресейдің Балтық теңізіндегі ірі порты орналасқан Приморск қаласы маңындағы 40 бункері мен «Чкаловск» әскери базасында қайта өңдеу жұмыстары жүргізілген. Әскери базаға Балтық флоты авиациясының ұшақтары тасымалданған болатын. Сондай-ақ ресейлік әскерилер Черняховскіге «Искандер» зымыран кешенін жөнелткен. Осы тақырыпқа қатысты АҚШ-тың Еуропа мен Африкадағы әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Джеймс Фогго CNN-ге берген сұхбатында Ресейдің Калининград облысында өз әскери жағдайын күшейтуі НАТО-ға еш тежеу бола алмайтынын айтты. Ресей тарапы бұл ақпаратқа қатысты тіс жарған жоқ.
Айта кетейік, 2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялап алғаннан кейін НАТО Шығыс Еуропадағы әскери күштерін ныңайтты. Ал 2017 жылы НАТО Латвия, Эстония, Литва, Польшаға жедел әрекет етеуге бейім төрт мың сарбазын ротациялады. Егер Ресеймен күтпеген жағдайда эскалация орын алса, аталған сарбаздар тойтарыс береді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді