АҚШ-тағы ең алып су қоймасының жырылып кетуі қаупі бар. Неше мыңдаған адам осыған байланысты үкіметтен эвакуациялауды талап етіп отыр. Бұл туралы news.sina.com сайты жазады.

фото: YouTube
Солтүстік Калифорниядағы Оровилль маңының неше мыңдаған тұрғыны бүгін таңертеңнен бастап үкіметтен өздерін эвакуациялауды сұрады. Жергілікті үкімет Оровилль үлкен су қоймасы жарылып кетуі мүмкін, себебі, жаңбыр мен қардың көп жаууынан су деңгейі көтерілген деп отыр. Федералдық үкімет 9 ақпаннан бастап сақтық дабылын берген. Алайда, 10 ақпанның өзінде су деңгейі көтеріліп, бөгет ернеуіне 2 метрдей ғана жетпей тұрған.

Фото: zero Hedge
Оровилль су қоймасындағы бөгеттің биіктігі 230 метр болып, Америкадағы ең үлкен су қоймасы саналады. Оровилль көлі Калифорниядағы екінші ірі жасанды көл және негізгі су қайнары. Ең қатерлісі 16 мыңнан астам халық Оровиллдің төменгі ағысында орналасқан. Бөгет ағытылса, барлығын су шайып кетуі ықтимал.

фото: KXTV
“The Qazaq Times”


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер