Индонезияда алапат цунами кесірінен арты-артынан орын алған зілзала қазіргі уақытқа дейін 384 адамның өмірін жалмады. Табиғи апат құрбандары санының артқаны туралы хабарды Индонезия Табиғи апат салдарын жоюмен айналысушы Ұлттық басқарма хабарлады, - деп жазады haberler.com.
Қаза тапқандардан бөлек, жарақаттанғандар саны жүзден асып кеткен. Бұдан бұрынғы хабарларда ауруханаға жеткізілгендердің саны шамамен 400 адам екені айтылған еді. Енді, дәрігерлердің жарақат алғандарға көмек көрсетуде үлгермей жатқандары да хабарлануда. Сулавеси аралы жағалауындағы 6,1 баллдық жер сілкінісі бүгін, 29 қыркүйек күні таңертең орын алған. Бірнеше минуттан кейін дәл осы ауданда 7,4 баллдық екінші жер сілкінісі болған. Одан кейін, тағы бірнеше автершок қайталанған. Индонезия билігі цунами қаупінің әлі де бар екенін ескерткенмен, арадан бірнеше сағат өтпей мұндай қауіптің беті қайтқанын айтып, тұрғындарды эвакуациялау ісін де тоқтатқан. Қазіргі уақытта алапат теңіз дауылына Грекия дайындалуда.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі