2017 жылғы 11 ақпанда Астана қаласындағы Назарбаев университетінің конференц-залында «Әдебиет порталы» интернет-жобасы жаңа дизайнының таныстырылымы өтті.
Шараға ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, əдебиет майталмандары Мырзатай Жолдасбеков, Төлен Əбдік, Жолтай Әлмашұлы, Алдан Смайыл, Қаржаубай Сартқожаұлы және басқа да қаламгерлер қатысты. Әдебиет порталы" жаңа нұсқасының таныстырылымында ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы Төлен Әбдік өзінің Алаш туралы жазған өлеңін оқып берді. Сондай-ақ, жиынға қатысқан Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өлең оқып, өзінің әдебиетке деген ықыласын танытты.
Шара барысында Әдебиет порталында жасалған жаңғырту жұмыстары, интернет-ресурстың жаңа нұсқасы таныстырылды.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне қарасты «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» – заманауи ақпараттық технологиялар жетістігін пайдалана отырып, қазақ әдебиетін насихаттау, оқырмандар мен қаламгерлер арасындағы әдеби байланысты жандандыру, контенттік қолдау көрсету, түрлі шығармашылық іс-шараларды ұйымдастыру миссиясын жүзеге асырып отырған, Орта Азия кеңістігіндегі тұңғыш ғаламторлық бірегей әдеби жоба.
Портал отандық рухани өнімдердің сандық форматтағы базасын құру, қазақ, орыс және өзге тілде жазатын қазақстандық қаламгерлердің шығармашылығын насихатау, жалпы әдеби үдерісті жандандыру арқылы қоғамда биік талғамның, мемлекетшілдік ой-сананың қалыптасуына игі ықпал жасауды көздейді.

Ақын Бауыржан Қарағызұлы жетекшілік ететін Әдебиет порталының ұжымы
“The Qazaq Times”


















Сатираның аузына темір скотч. Сөз бостандығы шартты түрде бостандыққа шықты
"Лондон саммиті: Еуропа көшбасшылары Трамппен келіспеушіліктен кейін Украинаға қолдауды арттыруға келісті"
Украина Президенті Владимир Зеленский АҚШ-пен қарым-қатынасы және қауіпсіздік кепілдіктері туралы пікір білдірді
Зеленскийдің Трамппен кездесуі жанжалмен аяқталып, Ақ үйден кетіп қалды
Рысбек Сәрсенбайұлы: Билік "Дикый Арманды" 20 жылға соттағанымен "Қанды Қаңтар" ақиқатын ашқан жоқ
«Учаскеден әруаққа көк хат»: Алматыда марқұмға келген шақырту