ТМД елдерінде 9 мыңнан астам адам террористік ұйымдарға қатысқаны үшін іздестірілуде. Бұл туралы ТМД елдерінің Терроризмге қарсы орталық басшысы Андрей Новиков мәлімет берді, - деп жазады central.asia-news.com/ru.
«Биылғы жылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша, террорлық және экстремистік сипаттағы қылмыстары үшін ТМД елдерінен 9 мыңнан астам адам халықаралық іздеуде жүр. Оның 5 мыңы жалданбашы. Яғни, заңсыз қарулы топтар мен халықаралық террорлық ұйымдардың құрамында жалданып террорлық әрекеттерге қатысқан», - делінген Новиковтың мәлімдемесінде. Оның сөзінше, аталған орталық іздеуде жүрген азаматтардың тұруы мүмкін орны мен ақпараттарды жинаумен айналысуда. Оның мәліметтері «Розыск» деп аталатын мемлекетаралық операциялар тарапынан жүргізілетін терроризмге қарсы бағыттағы операцияларды ақпаратпен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр