Израиль әскері Ил-20 ұшағының апатына қатысты өзіне тағылған айыпты жоққа шығаруда. Бұл жолы олар РФ Қорғаныс министрлігінің апатқа ұшыраған ұшақ туралы жарияланған мәлімдемесіне үзілді-кесілді қарсы.
Кamuoyu.org сайты Израильдің өздеріне тиесілі F-16 ұшағының Ил-20-ға шабуыл туралы дер кезінде хабарлағанын куәландыруға тырысуда. «Ресей қарулы күштеріндегі мамандар апатқа ұшыраған ұшаққа қатысты жан-жақты, нақты мәліметтерге қанық», - деген. Израиль тарапы ресейлік Ил-20 апатқа ұшыраған кезде Латакия қаласындағы белгіленген нысандарды бомбалап болған израильдік ұшақтың Израиль әуе кеңістігінде болғанын алға тартады.
Еске салайық, 17 қыркүйекте Сүриялық ӘШҚҚ-ның Израиль ӘӘК-не (Әскери-әуе күштері) шабуылынан кейін Сүрияның Латакия қаласында Ил-20 ұшағының құлап түскені туралы ақпарат тарап, артынша онда ресейлік 15 әскеридің қаза тапқаны анықталған еді. Кейін, Ресей Қорғаныс министрлігі осы іске Израиль жауапты деп хабарлаған болатын.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні