Сауд Арабия әмірлігі Ливанда тұратын 300 мың палестиналық босқынға қажылық парыздарын өтеуге тыйым салды. Бұл туралы eadaily.com саудиялық басылым «АльАраб-каға» сілтеме жасап хабарлайды.
Саудия билігі Ливанда тұрғанымен төлқұжаттары жоқ палестиналықтарға виза беруді тоқтатқан. Адам құқықтары жөніндегі палестиналық орталықтың өкілдері бұл жағдайға байланысты өздерінің алаңдаушылықтарын білдіріп, палестиналықтарға виза берілмеуінің себебін түсіндіруді талап етуде. Одан бөлек, Сауд Арабиясының Иордания Хашимит Әмірлігіне ие палестиналықтарға да қажылық парыздарын өтеуге рұқсат етпегені туралы хабарланған еді. Бұл жағдайға Саудия билігі мен Ливан арасындағы саяси келіспеушіліктің қатысы бар деп болжануда. Ал, әзірге қажылық сапарын өтегісі келетін мұсылмандар аталған келеңсіздіктің тез арада шешілуіне алаңдаулы.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел