Вьетнам президенті Чан Дай Куанг бүгін сағат 10:05 те (Астана 9:05) көз жұмды. Бұл туралы хабарды Вьетнам Орталық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нгуен Куок Чиеу ресми түрде растады, - деп хабарлайды abhaber.com.
Айта кету керек, Вьетнамды президентпен қатар, премьер-министр және Коммунистік партия басшысы басқарады. Чан Дай Куанг — Вьетнамның оныншы президенті. Ол президент тағына 2016 жылдың 2-сәуіріне тағайындалған. Қызмет жолын Вьетнамның ІІД-нен бастаған ол, кейін барлау деректерін жинаумен айналысатын және үлкен өкілеттілікке ие қоғамдық қауіпсіздік министрлігін басқарған. Чан дай Куанг 1956 жылдың 12 қазанында Вьетнамның солтүстігіндегі Ниньбинь қаласында дүниеге келіп, бүгін, 21 қыркүйекте 61 жасында қайтыс болды.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті