Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі кеше кешке ресейлік Ил-20 ұшағының атып түсірілуіне байланысты Израильге «тиісті жауап беретінін» мәлімдеді. Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков мәлімдеген.
Ол израильдік авиация басқармасы мен F-16 ұшқыштары ресейлік Ил-20 ұшағын көрмей қалуы мүмкін емес екенін айтты. «Израиль тарапы бұл апатты қасақана істеді», - деген ол. Бұдан бұрын, Сүрияда бортында 24 әскери қызметкері бар ресейлік Ил-20 ұшағының атып түсірілгені туралы жазған едік. Ресейлік қорғаныс ведомоствасы ұшақ франциялық кемеден зымырандар жіберіліп жатқанда, Хмеймим базасына қайтарда радардан шығып кеткенін айтқан болатын. Ресей Қорғаныс министрлігі «ресейлік ұшақтың апатына Израильдің F-16 жойғыштарының қатысы екеніне сенімді. Ал, израильдік дипломаттар РФ-ның тарапынан өздеріне тағылған айыптауды жоққа шығаруда.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы