Жақында экс-тыңшы Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипальдерді улады деген күдікпен тергеуге алынған қос күдікті «Russia Today» телеарнасына эксклюзивті сұхбат берді. Олар өмірінде адам тұрмақ, масаға да қастандық жасамағандарын айтып ақталған. Алайда, Ұлыбритания «Срипаль ісіне» қатысты күдіктілердің пікіріне мүлде құлақ асқан жоқ.
Солсберидегі оқиғаға қатысты күдіктілер Ресей азаматтары Руслан Боширов пен Александр Петров Скрипальдер уланған күні сол қалада болғанын мәлімдеді. Бірақ, онда олар тек туристік мақсатта бардық деген.
Бағдарлама жарияланғаннан соң, Британия билігі бұл телешоуға «жалған хабар таратумен айналысатын фейктік арна» деген баға берді. Біріккен Корольдіктің Сыртқы істер министрі Джереми Хант «жағдай ушықпай тұрғанда Ресей қалайда бұл қылмысты мойындауы қажет» – деп қатаң ескерту жасады.
Еске сала кетейік, осы жылы 4 наурызда Ресей Федерациясы Барлау қызметінің бұрынғы қызметкері Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипаль «Новичок» жүйке-сал ауруын тудырушы заттегіден уланған болатын. Кейіннен аса қауіпті химиялық қарудың Ресейде жасалынғаны анықталып, АҚШ пен Ұлыбритания бұл істе тікелей Ресейді айыптады. Ал Мәскеу әлі күнге дейін тағылған айыптан жалтарып отыр.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы