Алдағы уақытта Сербия мен Косово заңдық тұрғыдан маңызды құжатқа қол қоюы мүмкін. Брюссельде өткен Еуроодақ мемлекеттері елшілерінің конференциясында Федерика Могерини өзара келісімнің жүзеге асатынын мәлімдеді.
Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини жаңа құжат өз күшіне енсе, екі ел үшін Белград пен Приштина арасындағы мәселелерді талқылауға таптырмас мүмкіндік тұтатынын айтты. Сондай-ақ, құжат аймақтардағы ахуалды ретке келтіріп, халықаралық құқық нормаларына сәйкес болуы қажет. Могерини Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесі, әлемдік қауымдастықтар мен Еуропадағы бірлескен ұйым басшылары бұл шешімге қолдау көрсетеді деген сенімде.
Косово президенті Хашим Тачи мен Сербия басшысы Александр Вучич арасындағы саяси кездесу Брюссельде 7 қыркүйекте өтеді деп жоспарланған. Одақтың сыртқы істер бойынша жоғары өкілінің мәліметінше, аталған келісім нақтыланса, екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға зор мүмкіндік бар.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні