Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 29 тамыз Египетте қазақстандық туристер мінген автобус аударылып, салдарынан екі адам жарақат алған.
Хургада-Кайр жолында аударылған автобуста 22 турист болған. Олар Каир қаласына бағыт алған. Жол апатынан жарақат алғандар «Рас-Гариб» жеріндегі ауруханаға жеткізілді. Министрліктің хабарлауынша, өзге туристерің жағдайы қалыпты. Оларды Қазақстанның Египеттегі елшілігі өз бақылауына алды.
Қазіргі уақытта отандастырымыздың денсаулығы тексеріліп жатыр. Ал жарақат алған екі туристке толыққанды медициналық көмек көрсету үшін «әл-Мысри» ауруханасына ауыстырылады.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті