"Қазақстан" республикалық теле-радио корпорациясына қарасты төртінші телеарна Tamasha TV іске қосылып, Есен Елеукен ойын-сауықтық телеарнаның директоры болып тағайындалды.
2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ойын-сауықтық Tamasha TV телеарнасы эфирге жол тартады. Жаңа телеарна OTAU TV және iDTV пакеттерінде HD форматында қолжетімді болады. Сонымен қатар алдағы уақытта басқа да кабельдік операторларда SD форматта таратылады.
“Әзіл әлемі”, “Жайдарман”, “Хаха-шоу”, “Әзіл man”, “Көңілді тапқырлар алаңы”, “Қызық екен” бағдарламаларын, комедиялық телехикаялар және тағы басқа қызық жобаларды ұсынады. Сонымен бірге ол телерадиокорпорация мұрағатында жылдар бойы сақталған, кезінде көрерменнің көңілінен шыққан танымал ойын-сауық бағдарламалары эфирге оралады.
Tamasha TV телеарнасының орташа тәуліктік хабар тарату уақыты – 22 сағат.
Есен Елеукен Қазақстан КВН одағының төрағасы, “Жігер.Абырой.Сана” қоғамдық қорының жетекшісі.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел