Мьянма билігінің рохинджаларға қарсы кампаниясының әрекеті геноцид деп бағалануы мүмкін. Демек, Мьянма армиясының басшыларына айып тағылады. Бұл туралы Мьянмадағы жағдайларды толыққанды зерттеген сарапшылар айтты.
БҰҰ-ның сарапшылары мьянмалық әскерилер рохинджаларға қорлық көрсетіп, қуғынға ұшыратқан дейді. Жалпы саны 700 мыңға жуық рохинджаларды Бангладешке күштеп көшірген әскерилерді жауапқа тарту туралы шешім қаралып жатыр. Адамзатқа қарсы күш қолданғаны үшін жоғары шенді алты генералға, Мьянма армиясының бас қолбасшысы Мин Аун Хлаинге де қарсы айып тағылады.
Трамп осыған дейін Мьянмадағы армияның жергілікті екі бөлімін күштеп «тазалау» жүргізгені үшін санкция салған. Бұл оқиғадан кейін Мьянмадағы жағдай одан ары әлсіреуі мүмкін.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел