Бұдан бұрын да хабарланғанымыздай, италиялық жағалау қызметінің кемесі «Diciotti» 177 заңсыз босқынды алған болатын. Енді, Италияның Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Давиде Фараоне сол кемедегі босқындардың аштық жариялап жатқандықтарын хабарлады, - деп жазуда «haberler.com».
«Мен жаңа ғана жағалау басқармасынан «Diciotti» кемесінің кесірінен жағдайдың ушығып бара жатқаны туралы хабар алдым. Босқындар аштық жариялауда», - деп хабарлаған. Қазіргі уақытта, аталған кемеге ешкім жіберілмеуде. Бұл — бәрінен бұрын қауіпсіздік үшін қажет деп хабарлауда Италия Қауіпсіздік қызметтері. Бұдан бұрын, 22 тамызда Мальтаның аталған кемені қабылдаудан бас тартқаны туралы хабарланған еді. Сондықтан, кеме италиялық Лампедузе аралына жақын келіп тоқтаған болатын. Италияның Сыртқы істер министрі Маттео Сальвини жағалауға тек кәмелеттік жасқа толмаған 27 жеткіншектің шығуына рұқсат берген болатын. Ал, қалған босқындар әлі уақытқа дейін «Diciotti» кемесінің бортында. Қазіргі таңда Еуроодақ босқындарға қатысты мәселені біржақты етуге тырысқанмен, мүше-елдердің арасындағы осындай тартыстың бітер түрі көрінбейді. Бұдан бұрын да, Франция үкіметі босқындар түрлі жұқпалы ауруларды таратуда деп шағымданған еді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді