Индонезияның Ломбок аралында болған қатты жер сілкіністен кемінде 82 адам қаза болды. Ел үкіметі таратқан мәліметтер құрбандар саны артуы мүмкін делінген. Бұл туралы BBC-дің онлайн қызметі хабар таратты.
Мәліметтерде, сілкініс күші 7 баллға жеткен зілзаладан ғимараттар қирап, көпірлер құлаған. Ломбок аралына жақын жатқан Балиде де үйлер құлған. Дегенмен, Бали аралында қаза болғандар туралы мәліметтер жоқ.
Бұл аралда осыдан бір апта бұрын болған жер сілкінісі кезінде 16 адам қаза тапқан еді. Ломбок аралына әлемнің жер-жерінен туристер көптеп келеді.
АҚШ геологиялық қызметі таратқан мәліметте, сілкініс орталығы Ломбок аралының оңтүстік жиегінен 10 шақырым тереңдікте болғанын растады. Геологтар таратқан мәліметте цунами болуы мүмкін екенін айтқан, алайда, көп өтпей бұл мәліметті теріске шығарды.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы