Бүгін елімізде ұлттық біріңғай тестілеу басталды. Әр өңір түлектері 11 жыл бойы жиған білімдерін сынап жатыр. Алайда арасында комиссияны түлкібұлаңға салмақ болғандары анықталды.
Тексеріс кезінде тест тапсыруға келген түлектердің бірінен 10 смартфон анықталды. Оқушы осы телефондар арқылы жоғары балл жинауды көздесе керек. Дегенмен комиссия мүшелері түлектен табылған телефондарды уақытша тәркілеп алды.
Мамандар ұлттық біріңғай тестілеу кезінде оқушыларды жіті тексеретінін ескерткен. Сондықтан мектеп бітірушілерін айла асырудан аулақ болуға шақырды.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті