Сүриядағы араб тайпаларының басшылары америкалық әскерилердің Сүриядан шығарылуы туралы бастамаға қолдау көрсетуде. Олар сонымен қатар, Шамдағы (Дамаск) соғысқа байланысты өз жасақтарын құратындықтары туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды «lanouvellerepublique.fr».
Алеппо, әр-Ракка, әл-Хасака сынды қалалардағы 70-ке жуық тайпаның жетекшелері Дейр Хафер қаласында жиын өткізген. Жиынға келген араб белсенділері шетелдік басқыншылықтарға қатысты пікірлерін білдіріп, әсіресе, АҚШ әскерилерінің Сүрия территориясынан шығарылуын талап етті. Олар Сүрия жерлері толық азат етілгенге дейін, үкіметке қарасты араб әскерінің жанынан шетелдік кез келген интервенцияға қарсы күресетін ұлттық жасақ құруға келіскен.
Арабиялық ақпарат құралдары Шам қаласының әскери ведомствосына сілтеме жасай отырып, жаңа құрылған бәдәуилік әскери құрылымның елдің шығыс аймақтарында Сүрия демократиялық күштері (СДК ) мен америкалық әскерилерге қарсы әскери қимыл жүргізетіндері туралы ақпарат таратуда. Бұдан бұрын да Сауд-Арабиясының эмиссарлары СДК жетекшілерімен Сүрияның шығыс және солтүстік аймақтарындағы қалалардың араб қарулы ұйымының бақылауына берілуіне қатысты бірқатар келіссөздер жүргізген еді. Айта кету керек, негізінен, әл-Баггара, Федаан, Аджейдат, Сбаа сияқты Сүриядағы ірі көшпенді тайпалар Арабиядан таралған.
Халықаралық сарапшылардың пайымдауынша, Сүриядағы бәдәуилік шейхтардың осындай келіссөздері әр-Риадтың хабарынсыз өтпейтіні анық. Бұдан шығатын қорытынды — тайпа басшыларының осы шешімі Сауд-Арабиясының АҚШ пен Сүриядағы одақтарға қарсы қандай да бір әрекет бастап жатқандықтарын білдіреді. Расымен де, арабтардан құралған жаңа жасақ Шамға қызмет етеді деп сену — негізсіз. Оның үстіне, өткен сенбі күні Шамның әскери ресми ұйымдары тарапынан хабарланғандай, тайпа басшыларының ирандық-шииттік ірі құрылымның Дейр-әз-Зор қаласының батыс аймақтарына ауыстырылуына қалай қарайтыны да белгісіз. Жаңа келіп түскен мәліметтерге қарағанда, шииттік жасақ Сүрия-араб әскерімен бірге Бадия әл-Шам қаласындағы «ИМ»-нің (ДАИШ) құрамасын тықсырып, қысымды күшейтуде.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі