Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевты еліне ресми сапармен келуге шақырды. Бұл жөнінде Израиль премьері Өзбекстан президентіне жолдаған құттықтау хатында айтқан.
«Израиль үкіметі атынан Сізді Өзбекстан президенті болып сайланғаныңыз үшін құттықтауға рұқсат етіңіз. Сізге еліңіздің гүлденуі және өркендеуі жолында үлкен табыстар тілеймін», – делінген Өзбекстан СІМ сайтында жарияланған құттықтау хатта.
«Алдағы уақытта Израиль мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынас нығая түседі деген сенімдемін. Осыған байланысты Сізді Израильге іс сапармен келуге шақырамын», – деп атап өткен Нетаньяху.
centralasian.org


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ұлттық құрылтай. Атауы қазақша болғанымен мазмұны президенттік бақылауда болмай ма?
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Гренландия мен Данияда Трамптың жоспарларына қарсы жаппай наразылық өтті
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы