БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңсесі Сауд-Арабия билігінен Наваф Талал Рашид ханзада туралы ақпарат беруді талап етті. 12 мамырда Кувейттен Сауд-Арабиясына қайтарылған ханзада туралы әлі күнге дейін ешқандай ақпарат жоқ. Бұл туралы france24.com/fr агенттігі хабарлайды.
БҰҰ-ның Жоғары комиссары Басқармасының баспасөз хатшысы Лиз Троссель БҰҰ Сауд-Арабиясы ханзадасының билік тарапынан ешқандай да ресми мәлімдеме жасалмастан «еш қисынсыз қамауға алынуы» мен «жоғалып кетуіне» алаңдайтынын айтты.
«Бұған Әл-Рашид династиясының өкілі Наваф Талап бин Әбдуләзиз Рашидтің ұлы Наваф Талал Рашид ханзаданың із-түзсіз жоғалуы дәлел бола алады», -деді Троссель БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесінде өткен конференцияда. «БҰҰ Сауд-Арабия билігін ханзаданың қайда екені туралы, сонымен қатар оның қамауға алынып-алынбағаны жөнінде, егер тұтқында болса оған қандай кінә артылғаны туралы жедел түрде ақпарат беруге шақырады», - деді ол.
Халықаралық саясаткерлердің пайымдауынша, Сауд-Арабиясында мұрагер ханзада Мұхаммед бин Салманның оппозиционерлеріне қарсы бастаған операцияларынан кейін «із-түзсіз кетуші ханзадалар» мәселесі халықаралық қоғамның назарына ілігуде. Еске салайық, Сауд-Арабиясында ханзада Мұхаммед бин Салманның бастамасымен әйелдердің көлік жүргізулеріне салынған тыйымның күшін жоюы қарастырылып, ақыры ол заң осы жылдың 24 маусымында күшіне мінеді деп күтілген еді. Осы айтылған мерзімге аз уақыт қалғанда әйел құқықтарын жақтап, қарсы шығушы белсенділер қамауға алынып, елде ханзада бин Салманға қарсы төңкеріс әрекеті болуы мүмкін деген қауесет тараған еді. Содан бері, ханзада бин Салман «елді оппозиционерлерден тазалау» операциясын бастап кеткен болатын.
Саудия патшалығына қатысты тағы бір мәліметпен бөлісетін болсақ, соңғы үш жылда Еуропада тұрып жатқан үш бірдей ханзада ұшты-күйлі жоғалып, ал Әр-Риад үкіметін сынаған өзге де мұрагер ханзадалар өз еріктерінен тыс Сауд-Арабиясына қайтарылғанына қатысты айғақтар табылған еді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді