ТМД-на мүше елдердің қару-жарақ, әскери және арнайы техника жөніндегі мәліметтерінің ортақ ақпараттық банкі құрылуы мүмкін. Мұндай банктің құрылуы туралы заң жобасы ТМД елдері, Шекаралық әскер басшылары Кеңесінің (СКПВ) Мәскеуде өткен 79-шы отырысында талқыланды. Бұл туралы ресейлік ТАСС ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Отырысқа Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортник, Әзірбайжан, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан елдері мен Шекаралық әскер басшылары Кеңесінің үйлестіруші қызметі қатысты. Жиын барысында сыртқы шекаралардағы ахуалдарға қатысты істер талқыланып, шекаралық ведомстволар мен сыртқы істер министрлерінің іздеудегі тұлғаларды жаңадан құрылатын мемлекетаралық ақпараттық банк пен шекаралық бақылаудың автоматты жүйелері арқылы өзара әрекет етулеріне қатысты мәселелер талқыланды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді