Бұған дейін жабық режимдегі Солтүстік Корея оңтүстік кореялық БАҚ өкілдеріне ядролық нысандарды жою процесін бақылауға рұқсат берді. Осыған орай Оңтүстік Кореяның 8 журналисті Солтүстік Кореяға барды. Бұл туралы Yonhap ақпараттық агенттігі хабарлады.
Оңтүстік кореялық журналистер сейсенбі күні АҚШ, Ресей, Қытай және Ұлыбритания журналистерімен бірге, Бейжің қаласынан Солтүстік Кореяның Юшан қаласына ұшып баруы керек еді. Алайда, Сеул тарабының мәлімдемесіне қарағанда, оңтүстік кореялық журналистер бұл ұшаққа отыра алмады. Себебі, оған дейін Солтүстік Корея Сеул тарабы жіберген журналистердің бақылауға қатысуына рұқсат бермеген. Солтүстік Корея тек бүгін түстен бұрын ғана Оңтүстік Корея журналистеріне мақұлдық берген.
Оңтүстік Корея журналистері Юншаннан алыс таулы аймақтағы ядролық сынақ алаңына барады. Ол арада Солтүстік Корея 6 рет ядролық сынақ өткізген. Солтүстік Корея тарабы ауа-райы қолайлы болған жағдайда жұмаға дейін толығымен жоймақ.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді