Алматының Наурызбай ауданында сел жүрді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады. Лай көшкіні тау бөктерінде орналасқан лагерьге алып баратын тас жолды шайып кеткен.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі
Апаттан зардап шеккендер жоқ. Мамандар толассыз жауған нөсердің кесірінен Қызылжар өзені арнасынан асып, етекке қарай жайылғанын айтады. Көшкін көлемі 800 текше метрді құраған. Қазір апат орнында құтқарушылар мен "Қазселденқорғау" мекемесінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
“The Qazaq Times”
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?