5 сәуір, жұма күні Газа секторы мен Израиль арасындағы шекарада палестиналықтар мен израильдік әскер арасында қайтадан қақтығыс орын алды.
Газа секторы денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, «Ұлы оралу маршы» кезіндегі тәртіпсіздік салдарынан кем дегенде 1 143 палестиналық жараланған. Олардың 40-тан астамы атыс қаруларынан жарақат алған. Бұл туралы «Newsru» агенттігі хабарлайды. Қарсылық басталғаннан бері барлығы 41 адам қаза тапқан.
Газа секторы мен Израиль шекарасындағы қанды қақтығысқа айналған ауқымды қарсылық шарасы ағымдағы жылдың 30 наурызында басталған еді. Палестиналық қарсылық қозғалысын ұйымдастырушылар Израиль билігіне деген наразылықтарын осылайша білдіруде. Енді, 15 мамыр күні мыңдаған адамдық ақтық марш болады деп күтілуде.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел