10 сәуір күні Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті, Журналистика және коммуникация жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО кластерлік бюросының қолдауымен Халықаралық әл-Фараби оқуларының шеңберінде «Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері» (МTIJ) атты III Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Конференция білім берудің жоғары стандарттарына қол жеткізу және әртүрлі елдердің ғылыми қоғамдастығының және тұрақты даму мақсатында халықаралық ұйымдарының диалогты және өзара әрекеттесуді ұйымдастыру үшін сапалы ғылыми алаң болуға арналған.

Конференция жұмысына сондай-ақ, БАҚ жетекшілері, бас редакторлар, журналистер, шет елдердің елшіліктері мен консулдық өкілдері, АҚШ, Ресейден келген ғалымдар мен зерттеушілер, оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысады. Қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Ресми серіктестер: Алматы қ. ЮНЕСКО кластерлік бюросы; БҰҰ-ның Қазақстандағы қоғамдық ақпарат департаменті; БҰҰ (UNAI) Академиялық ықпал бағдарламасының жаһандық хабы; «MediaNet» халықаралық Журналистика орталығы; Қазақстан журналистер Академиясы; «Қазақ газеттері» ЖШС; «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры; «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ; «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы.

“The Qazaq Times”