Араб одағы Израиль әскерлерінің палестиналықтарға жасаған басқындық әрекетіне қатысты істі қолға алу үшін ертең, яғни 3 сәуір күні одақ өкілдерінен құралған төтенше жиын өткізбек.
Араб одағы Палестина мәселесіне жауапты Бас хатшысының орынбасары Саид Әбу Әли өз сөзінде аталған жиынның Палестинаның талабы бойынша ұйымдастырылатынын және Сауд Арабиясының министрлігінде өтетінін айтты. Ол "Жерді қорғау күнінің 42-ші жылдығына орай, жұма күні "Ұлы оралу маршы" деген атаумен басталған бейбіт шеруде Израиль әскерлері жасаған қылмыстар мен Палестина жерінде жалғасқан қауіпті оқиғалардың қолға алынып, біржақты етілетініне уәде беріп, мәлімдеме жасады.
Араб одағының осы оқиғалар мен Газа шекарасында 17 палестиналық қаза тапқан қақтығысты назардан тыс қалдырмағаны айтылған сол мәлімдемеде әлем халықтарын Израильдің осы істеріне бөгет жасауға үндеп, осы қақтғысқа жауапты бір тергеу комиссиясын құру міндетін жүзеге асыру да айтылған.
Палестиналықтар Жерді қорғау күнінің 42-ші жылдығы қарсаңында жұма күнінен бері қоршауға алынған Газа секторының Израиль шекарасында бейбіт түрде әрекетке көшкен. Израиль әскерлерінің екі күннен бері осы әрекеттерге қарсы бағытталған қимылдары кезінде 17 палестиналық қаза тауып, жүздеген адамның жараланғаны белгілі.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді