Жамбыл облысы соты Қазақстанда тыйым салынған діни кітап табылған қырғызстандық азаматтың ісін қарады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Әкімшілік іс Қордай аудандық сотында қаралған. Соттың баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 453 бабы бойынша жауапқа тартылған.
Анықталғандай, тыйым салынған діни кітапты 8 наурыз күні "Қордай" өткізу бекетінің шекарашылары тапты. Қырғызстандық азамат сотта өз кінәсін мойындап, "Таңдалған хадистер" атты кітапты досы сыйлағанын, оған тыйым салынғанын білмегенін айтқан.
Сот азаматты кінәлі бер танып, оған 100 айлық есептік көрсеткіш есебінде немесе 240 мың теңге айыппұл салынды. Кітап тәркіленіп, сот қаулысы күшіне енген.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы