Қырғызстанның Тогуз-Тороу ауданының тұрғындары алтын өндіру фабрикасы салынып жатқан жерге келді. Бұл туралы аудан әкімі Тилек Идирисов хабарлады. Халық нысан құрылысы тоқтағанын тексеру үшін жиналған.
"Аудандық мәдениет үйінің маңына шамамен 500 адам жиналды, соның 150-і комбинатқа барды. Әуелі комиссия мүшелері құрылыс жүріп жатқан-жатпағанын тексеру үшін өндіріс аумағына кірген. Нысана қақпасына алдына жиналған тұрғындар да кіргісі келіп, жолай дуалды құлатып кетті", - деді Идирисов.
Ол комбинат құрал-жабдықтары бүлінбегенін, тек дуалды ғана құлағанын айтты.
Бұған дейін, 7 ақпанда, Тогуз-Торода ондаған адам митингке шыққан. Олар алтын фабрикасы құрылысын тоқтатуды талап еткен. Дәл осындай акция содан бір апта бұрын өткізілген. Кейбір тұрғындар "фабрика экологияға зиян тигізеді" деп есептейді.
"Джи Эл Макмал девелопинг" компаниясының басшысы Максат Жээналиев өндірістен экология зардап шекпейді деп мәлімдеген.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы