Кешеден бері Еуропаның көптеген елдері мен қалалары қалың қар астында қалды. Қыс соңында жауған қалың қар мен суық-ызғар еуропалықтарды көп әуреге салуда. Олар Сібірден келген бұл суық ағысты "Шығыстан келген жыртқыш" деп атаған. Бұл туралы BBC хабарлады. 

Францияның оңтүстігіндегі теңіз жауғалауы. Фото: VINCENZO PINTO/AFP/GETTY IMAGES.

Рим қаласына мұндай қалың қар соңғы алты жылдан бері жаумаған екен. Қала көшелерінде көліктердің жүрісі қиындай түсті және әуе қатынасы да тоқтап қалды. Суық ағыс Жерорта теңізінің жағалауларына да әсер етіп, жыл сайын қысы жылы өтетін Францияның оңтүстік аймақтарына да қар жауған.

Софиядағы әуежай. VINCENZO PINTO/AFP/GETTY IMAGES.

Англияның оңтүстігі мен шығысындағы аймақтары төтенше жағдайдың сары түсті белгісін жариялады. Еуропаның орталығындағы Германия, Бұлғария (Болгария), Белгия елдерінде де ауа райының өзгерісі үлкен қиындықтар тудырды.

“The Qazaq Times”