Италияда эксорцизмге деген сұраныс артып келе жатқандықтан, Ватикан шіркеу қызметкерлерін адамдағы "жынды" шығаруға үйретіп жатыр, - деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі.
Сицилиядағы Палермо қаласының тумасы, экзорцист Бениньо Палилланың (Benigno Palilla) айтуынша, соңғы бірнеше жылда Италияда адамнан "жын"шығаруға қабілетті, білікті шіркеу қызметкерлеріне деген сұраныс күрт артқан.
Ватиканның радиосында ол елде жылына шамамен 500 мың оқиға тіркелетінін айтқан. Сонымен қатар жергілікті халық арасында шіркеу қызметкерлеріне жолығудың орнына "сиқыршылар" қызметіне жүгінетіндердің саны көбейіп келеді екен. Палилланың айтуынша, осындай сиқыршыларға жолығу арқылы адам керісінше "жынға" жол ашып береді.
Сәуір айында Рим қаласындағы католиктік оқу орнында Атенеум Регина Апостолорум Папасы (Athenaeum Regina Apostolorum) 6 апталық "жындарды экзистенциалды қоршау" курсын өтеді.
Лекция оқитындардың арасында Римнің бас экзорцисті Габриэль Аморт (Gabriele Amorth) Папасының оқушысы, Чезаре Трюки (Cesare Truqui) болады. Ол осы уақытқа дейін 10 мыңнан астам экзорцизм жағдайымен бетпе-бет келген көрінеді.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды