Бейсенбі күні АҚШ-та бірқатар айыптау актілері шықты. Федеральдық бас прокурор Роберт Мюллер президент Трамптың бұрынғы кеңесшілері Паул Манафорт мен Рик Гейтске қарсы салықтан жалтару және банктік алаяқтық туралы жаңа айып тақты. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы хабарлады.

Айыптау актісі Вирджиниа штатындағы қазылар алқасына жолданды. Бұған дейін Манафорт мен Гейтстің ісі Уашингтондағы BYA сотына жіберілген, алайда тергеуде олар бұл айыптауларды теріске шығарған еді. Жаңа айыптаудың мазмұнында Манафорт пен Гейтстің «Manafort» компаниясының кірістерін бұрмалап көрсету арқылы 20 млн АҚШ доллары көлемінде табыс салығынан жалтарып кеткені көрсетілген. Федералдық тергеушілер кезекті айыптау екі лауазымдының табыс салығынан жалтарғанын анық дәлелдейді деп сенеді.

 Екі лауазымдының адвокаттары бұл мәселе туралы сұрақтарға жауап бермеген.

“The Qazaq Times”