Солтүстік Корея президенті мәлімдемесінде, Құрама Штаттың екі Корея арасындағы соңғы келіссөздерді жақсылыққа балап отырғанын және түрлі арналарды жетілдіру арқылы АҚШ тарабының да Солтүстік Кореямен келіссөз жүргізуге тырысып отырғанын айтты. Оның сөзі АҚШ-тың ядролық қарудан бас тартпай тұрып та, Солтүстік Кореямен келіссөздің ағашқы кезеңін бастағалы отырғанын тағы бір рет растады. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.
Оңтүстік Корея президенті аталған мәлімдемесін сейсенбі күні Латвия президентімен кездесуден кейін журналистермен кездесу кезінде айтты. Оңтүстік Корея президенті Мүн Жайн бұл қортындығы өткен аптадағы АҚШ вице-президенті Майк Пенс және өзге де дипломаттарымен кездесуден кейін келгенін айтты.
Құрама Штат ең әуелі екі Корея арасындағы кездесуді оң қадамға балап отыр. Себебі, соңғы кездегі екі Корея арасындағы кездесулер Солтүстік Кореяны да келіссөз үстеліне шақыруға болатынын түсіндірді. Әзірге алғашқы келіссөздерде АҚШ тарабы Солтүстік Кореядан ядролық қарудан бас тарту талабын қоймайтыны анық. Бұлай болғанда әрең қолға келтірген келіссөз орайын қолдан беріп қояды да, тараптар қайта жақындасу мүмкіндігінен айрылады. Бірақ, келіссөздің екінші сатысы сәтті болу-болмауын болжап айту қиын.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы