АҚШ-тың вице-президенті Майк Пенс мәлімдемесінде Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына келетін Солтүстік Корея өкілдерімен кездесіп, келіссөз өткізуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.
Майк Пенс Азия сапарында Аляскаға аялдап, алдағы сапарға байланысты журналистердің сұрағына жауап беріп: «Президент Трамп сөзінде қашанда келіссөзге үміт артып келе жатқанын, бірақ ресми түрде келіссөз талап қоймағанын, себебі бәрі де күрделі жағдайларға байланысты екенін айтты», – деді.
Вице-президенттің бұл сөзін АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон да растады.
Трамп үкіметінің жоғары лауазымдыларының бірі, қазіргі кезде Пенс пен Тиллерсон АҚШ вице-президентінің Солтүстік Корея өкілдерімен кездесуді қалайтынын білдіретін сыңай танытып отырғанын айтты. Алайда, қазірге Солтүстік Корея тарабынан жауап жоқ.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді