Фото: snatchnews.com

Бірінші.

«Апиын соғысы» – Батыс Еуропа елдерінің Қытайға қарсы жүргізген соғысы. Мақсаты – сауда-саттықты бақылауда ұстап қана қоймай, қытайлықтарды өздеріне тәуелдеу болды. Еуропада Қытайдың тауарлары сәнге айналған кез болатын. Алайда, Қытай өзге елдердің ықпалынан өздерін алыс ұстауға тырысты. Еуропалықтар өздерінің тауарларын Қытайға сату үшін, ашық тұрған жалғыз порт арқылы ғана кіруге мәжбүр болды.

Фото: snatchnews.com

Екінші.

Ағылшындардың отары – үнділер арқылы Қытайға апиын таси бастады. Ол британдық  басшылықтың толық қолдауымен жүзеге асты. Апиын сату – ағылшындар үшін Қытаймен сауда-саттық орнатудың ең қолайлы әдісі. Өйткені, оны шенеуніктер де, императорлар да, әскери адамдар да тартты.

Фото: snatchnews.com

Үшінші.

Қытайлықтар портты жауып, саудагерлерден апиындарды тәркілей бастады. Нәтижесі соғыспен, Қытайдың жеңілісімен аяқталды. Салдарынан Қытай Англияның шығынын өтеп, территориясының бір бөлігін берді. Содан кейін, апиын саудасы Қытайда заңды деп есептелген. Алайда, бұл елді дағдарысқа әкелгендіктен, ағылшындар пайда көре алмады. Аталмыш дағдарысты коммунистер мен Мао Зыдұң ғана тоқтата алды.

"The Qazaq Times"