Бүгін Алматы халқы белгілі журналист Рахат Мамырбекті ақтық сапарға шығарып салды.
Журналистпен қоштасу рәсімі Алматы қаласының Құлагер ықшам ауданында болды. Рахат Мамырбекті ақтық сапарға шығарып салуға туған-туыстары, достары және әріптестері жиналды.
Рахат Мамырбек 1978 жылы 10 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол өзінің журналистік мансабында «Қазақстан», «31-арна», «КТК», «Алматы» телеарналарында қызмет істеген. 2012 жылдан бастап, осы уақытқа дейін «Азаттық радиосының» Алматы бюросында «Еркін сөз», «Azattyq Live» бағдарламаларын жүргізген. Кейіннен веб-редактор қызмет атқарған.
Ол 2017 жылы желтоқсан айының 20-сы күні ауруханада көз жұмды. Оның артында әйелі және бес баласы қалды.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел