Ресей Қазақстанға қарата жоғарғы қуатты «Ескендір-М» зымыранын атты –деп хабарлайды korrespondent.net ақпарат көзі.
Ресей қарулы күштері «Батыс-2017» әскери оқу-жаттығу жұмыстары аясында Капустин Яр сынақ алаңынан «Ескендір-М» зымыранын ұшырған. Жоғары қауатты «Ескендір-М» зымыраны 480 шақырым ұшып Қазақстан аумағындағы Мақат полигонына келіп құлаған.
Соңғы уақытта Ресей өз арсеналындағы зымырандарын сынақтан өткізуін жиілеткен. Өткен аптада ғана РФ қарулы күштері Ярс РС-24 құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізген болатын.