Күз бастала сала Алматы тұрғындарының асыға күтетін мерекесі - Қала күні. Биыл Алматы қаласына 1001 жыл толып, жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шаралар тиісті деңгейде ұйымдасырылды. Әсіресе қала тұрғындарының асыға күтетітіні АЛМАFest фестивалі мен Gakku даусы. Себебі осы іс-шарада қаланың түпкір-түпкірінен жиналған халық тегін концерт көріп, мегаполистің тыныс-тіршілігімен таныса алады. Биыл да 200 мыңнан аса қала тұрғындары мен қонақтары жиналған атаулы «АЛМАFest-2017» фестивалі әдеттегідей ҚР Тұңғыш Президентінің саябағында өтті.
«АЛМАFest-2017»ны — мегапоисте осымен алтыншы рет өтіп жатқан ауқымды мәдени- көңілді шара. Мұнда ашық аспан астында дегустация және 100 тоннадан асатын алмаларды сату, спорттық, көркемдік алаңдар, шеберлік сыныптары, балалар мен отбасылар үшін ойындар ұйымдастырылды.
Фестивальде Алматыны әлемге әйгілі еткен апортты жинау сәтінде түсірілген осындай фотосуреттер көрмеге қойылған.
Қала тұрғындарының көпшілігі фестивальге алма сатып алуға келген. Бірақ мұндағы баға да базар бағасынан төмен емес. Дегенмен сатып алушалар мерекелік көңіл-күйде жүргендіктен бе, бағаға сын айта қоймады.
Бұдан бөлек, фестиваль кезінде көрмеге қойылған қолөнер туындыларын көруге болады. Көрме иелерінің көпшілігі шағын бизнес өкілдері.
Сондай-ақ, балалардың көңілін көтеруге арналған үйірмелердің қарасы көп. Бірі сурет салса, енді бірі қағаздан мерекелік сыйлықтар жасап үйреніп жатыр.
Фестивальде тек Алмтатының әр бұрышынан келген алмалардың дәмін татып қана қоймай, ағаштан түйін түйіп, қазақтың ұлттық құнды дүниелерін жасап жүрген қолөнер шеберлерінің өнерін де тамашалауға болады.