Ресей қарулы күштері өзінің арсеналындағы жаңа құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді – деп хабарлайды «Интерфакс» ақпарат агенттігі.
Ресей қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, РФ стратегиялық әскерінің арсеналындағы жаңа «Ярс» құрлықаралық баллистикалық зымыраны Архангельск облысындағы Плесецк ғарыш айлағынан ұшырылған. «Ярс» зымыранын сынақтан өткізудің басты мақсаты - аталмыш баллистикалық зымырандардың дайындық деңгейін тексеру. Сынақ қорытындысы бойынша, «Ярс» құрлықаралық баллистикалық зымыраны кез келген уақытта пайдалануға дайын екенін көрсеткен. Зымыран Плесецк ғарыш айлағынан ұшып, Камчаткадағы Кура полигонына барып құлаған.
«Ярс» - екі бөліктен тұратын МБР РС-24 қатты отынды құрлықаралық баллистикалық зымыран. Ол Архангельск, Калужск және Саратов облыстарындағы РФ стратегиялық әскерінің арсеналында бар.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы