Итальяндық Acciona компаниясының EcoPowered машинасы – «Дакар» авто-шеруін бағындырған бірінші электромобиль. Бұл туралы Electrek мәлімдейді.
«Дакар» дегеніміз – темір тұлпарлардың шеруі. 1978 жылдан бері жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл жарыс өте ауыр жарыстардың бірі. Мәреге қатысушылардың жартысынан аз бөлігі ғана жетеді. Шеру 2017 жылы 8782 километрді Парагвай, Боливия мен Аргентина арқылы бағыт алды.
Acciona EcoPowered – «Дакар» тарихындағы электроэнергияны ғана қолданып, барлық бағытты бағындырған алғашқы автокөлік. Оны 2012 жылдан бастап дайындаған. Оның алдында темір тұлпар аталмыш шеруді бағындыра алмаған. Биылғы жарыс үшін кей бөлшектеріне өзгеріс енгізіп, үшінші мәрте тағы бақ сынауға жіберілген.
Электромобильге жеңілдетілген аккумуляторлар, шасси конструкциясын орнатылған. EcoPowered күші 250 киловатты қамтиды, сондай-ақ тез күш жинаушы (60 минут ішінде) батарейлері бар.
«The Qazaq Times»