7 қыркүйек күні түнде (Астана уақытымен 8 қыркүйек), жергілікті уақыт бойынша 12 сағат 49 минут шамасында Мексиканың оңтүстік өңіріндегі теңіз жағасында 8,1 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлайды.
АҚШ-тың Геологиялық барлау сайтында Мексикада болған жер сілкінісін 8,0 балл деп көрсетті. Кейін нақты мәліметтерді саралай келіп, 8,1 балл болғанын нақтыланды. Зіл-заладан кейін бір сағат ішінде 4 рет қайталанған және 5,7 балл, 5,2 балл, 5,2 балл және 4,9 баллды көрсеткен.
Мексиканың Оңтүстік және Орталық өңірлеріне дейін сілкініс әсерін сезген. Мексика азаматтық қорғаныс агенттігі жаңалықтарында бұл 1985 жылғы неше мыңдаған адам қаза тапқан ауыр зіл-заладан кейін Мексика елінде алғаш рет болып отырған жер сілкінісі деп хабарлады.
Мексиканың орталық қаласы Мексикада дабыл қағылып, тұрғындарға қауіпсіз жерлерге паналауға хабар берілген. Сілкініс орталығына жақын қалаларда электр қуаты үзілген. Әзірге дейін адам және материалдық шығындар туралы нақты ақпараттар жоқ. Мексика елінде төтенше жағдай жария етілді.