Австралияның денсаулық сақтау және спорт министрі Сюзан Ли үкімет ақшасымен бірнеше реет, мемлекетке қатыссыз жеке сапарға шыққаны үшін жұмысынан кетіп жатыр.
Осыған байланысты премьер-министр Малколм Тернбулл өткен жұмада Лидің отставкасын қабылдады.
«Австралиялық саясаткерлер салық төлеушілердің ақшасының қайда жұмсалып жатқанын есептеп, бақылауға құқығы бар. Барлық хабарда бұл қаражат нақтылы және этикаға сай пайдалану керек» дейді үкімет басшысы.
Соңы жылдары Австралияда осындай бірнеше жағдай жүз берді. Сондықтан үкімет шығыстарды бақылау үшін тәуелсіз орган құруды шешкен.
Министр Сюзан Ли бұл оқыиғаға қалай душар болғанын түсіндіргенімен, бірақ бұл жаңжал үкіметке соққы болып, қарсылыққа себеп бола бастағанда жұмыстан кетуге мәжбүр болды деп хабарлайды ББС жаңалықтары.
Бұл іс бойынша отставкаға кеткен минитр біздегі секілді басқа қызметке тағайындала ма әлде жұмыссыз қала ма, ол демократиялы елдің өз құзырындағы шаруа.
"The Qazaq Times"


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау