Жапонияның солтүстік су алаптарында Жапония-АҚШ, АҚШ-Оңтүстік Корея елдерінің бірлескен әскери оқу жаттығуы өтіп жатқан тұста, Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі бұл әскери шараға қарсылығын білдірді. Ол Корей түбегі мәселесі шиеленісте тұрған бүгінгі жағдайда АҚШ бастамашы болған әскери қадамдар істі тіпті де ушықтырып жібереді деп қарайды. Бұл туралы «Шинлаң» ресми сайты хабарлайды.
Оңтүстік Корея жасақтарын қоспаған күннің өзінде Жапония мен АҚШ-тың оқу-жаттығуға қатысқан әскерилер саны 3500 адамнан көп. Бұл Солтүстік Кореяның ашу-ызасын тудырса Корей түбегі мәселесін шешу тіпті де қиындай түспек. Сондықтан Ресей өкілі "Оңтүстік Корея мен АҚШ оқу-жаттығу қимылын тез арада тоқтатуы керек" деп санайды.
Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензя Корей түбегі мәселесін шешуде Ресей мен Қытай тарабының ұсынып отырған жобасы бірден бір шешім дегенді алға тартты. Ол: «Бүгінгідей шиеленісті жағдайда әр тарап Ресей мен Қытай ұсынып отырған ортақ қадамға келуі тиіс. Яғни, мәселені шешуге барлық тарап ортақ жұмылуы керек. Ядролық қарусыздану мәселесін ортақ жүзеге асыруға тиіс», – деді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау