Гүлнара Кәрімова ісі бойынша Швейцария бас прократурасы Өзбекстан билігімен бірлесіп жұмыс істейтін болды, деп хабарлайды centre1.com ақпарат көзі.
Швейцария бас прокуратурасы Кәрімова ісі бойынша Өзбекстан тарапы жіберген өтінішті қабыл алған. Бірақ Швейцария прокуратурасы Гүлнара Кәрімованың жасаған қылмыстары дәлелденбегенше оған кінәсіздік презумпциясы шеңберінде қарайтынын мәлімдеген.
Естеріңізге салайық, Швейцария прокуратурасы Гүлнара Кәрімованың үстінен қылмыстық істі 2012 жылы қозғаған болатын. Бірақ ол кезде Өзбекстан билігі бұл іске назар аудармаған еді.
Әзірге Гүлнара Кәрімованың тұтқындалуына байланысты оның анасы Татьяна мен сіңілісі Лоланың қандай көзқараста екені белгісіз. Қазіргі таңда Гүлнара Кәрімованың денсаулығы мен өміріне Лондонда тұратын ұлы Ислам мен Өзбекстандағы қызы Иман алаңдаушылық білдіруде.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ұлттық құрылтай. Атауы қазақша болғанымен мазмұны президенттік бақылауда болмай ма?