Қытай Apple компаниясы (Apple Inc., AAPL) үшін әлемдегі ең үлкен базар саналады. Apple компаниясының Қытайдағы табысы осыған дейін Америкадағы табысынан әлде неше есе көп болып келді. Қытайлықтар үшін Apple телефондары бренд ретінде саналды. Алайда, биыл Apple компаниясының өнімдері Қытайдың отандық өнімдері алдында жеңілді. Компанияның жан-жақты жүргізген зерттеуінің қорытындысы Iphone телефондарының басты қарсыласы Қытай өндірген телефондар емес, қайта Wechat әлеуметтік желісі деп тұрақтандырды.
The Wall Street Journal басылымының хабарына қарағанда, Apple өнімдері мен Қытайда өндірілген Huawei, Oppo, Vivo, MI телефондарымен салыстырғанда өтімі азайған. Оған себеп – қазір Қытайдағы электронды төлем жүйесі Вичат (Wechat) әлеуметтік желісіне қосылған. Қытайда өндірілген телефондар мұндай электронды төлемдерге Apple телефондарына қарағанда көбірек қолайлы болып шыққан.

Қытайда Apple компаниясының сатылымы төмендеді. Фото: The Wall Street Journal.
Ал, қазіргі кезде қытайлықтар кез келген орында қағаз ақшадан көрі электронды төлемді пайдаланғанды оңай әрі қауіпсіз деп санайды. Кез-келген сауда дүкендерінде, қоғамдық көліктер, қызмет көрсету орындарының бәрінде қойылған QR кодтарынан пайдаланып, ақы төлей алады. Бұл Қытайдағы Apple компаниясының базарын тарылтып отыр.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны