Үндістан, Бангладеш, Қытайдағы 137 млн-ға жуық адам су басу қаупі бар аймақтарда қалып отыр. Бұл туралы ғылыми болжамдар мен өңірдегі соңғы оқиғалардың есебін жинақтап CNN ақпараттық агенттігі жазды.
Оңтүстік Азия әлемдегі ең ылғалды аймақтардың бірі. Мұндағы жылдық жауын-шашын мөлшері 1 мың мм шамасында. Австралиядағы ғылыми-зерттеу орталығының климатологы Дэви Кироно алдағы 30 жылда бүкіләлемдегі жауын шашын мөлшері біршама артады, ал Азияда бұл көрсеткіш 20 пайызды құрайды деген болжам жасады.
Жуырда Оңтүстік Қытайда су деңгейінің көтерілуі есебінен 12 млн жергілікті тұрғын баспанасыз қалған болатын. Цзянси провинциасындағы табиғат құбылысының келтірген шығыны 430 млн долларды құраса, көршілес Хунань аймағында 53 мың үй құлаған.
Аталған өңірлерге негізінен қауіп төндіріп отырған үш өзен Янцзы, Брахмапутра мен Ганганың арнасынан тасуы қаншама адамның өмірін қиып, жергілікті халықты, азық-түлік пен алғашқы көмекке қол жеткізе алмау қалуға мәжбүр етіп отыр.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы