Иракта әуе шабуылынан «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының әскери министрі Федель Хайфа өлтірілді, деп хабарлайды Al Arabiya ақпарат көзі.
Көпшілікке Ияд Талеб Абдуррахман әль-Убейди әль-Муканна есімімен таныс Хайфа Мосул қаласының батыс бөлігінде әуе шабуылы кезінде өлген.
Бұған дейін шілде айының ортасында Ресей қорғаныс министрлігі РФ әскерилерінің әуе шабуылынан «Ислам мемлекеті» ұйымының басшысы Абу Бакр әль-Бағдади мен 300-ге жуық лаңкес өлтірілді деген болатын. Бірақ Ресей әскерилерінің бұл мәлімдемесін Ирак барлау қызметі жоққа шығарып, әль-Бағдадидің Сүрия аумағында жасырынып жүргендігін хабарлаған еді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы