2017 жылдың басынан бері Израильге турист болып барған 190 Монғолия азаматының 50-і Израиль билігінен саяси баспана сұраған деп хабарлайды «Қазіргі Монғолия» ақпарат көзі.
Бірақ Израильдің ішкі істер министрі саяси баспана сұраған Монғолия азаматтарының өтінішін қарауды тоқтата тұруға бұйырық берген. Өйткені өтініш берген Монғолия азаматтарының барлығының қорғаушысы (адвокаты) бір адам болған. Бұл Израиль ІІМ-ның күдігін туғызған.
ІІМ тексеруі барысында өтініш берген Монғолия азаматтарының барлығының Израиль билік органдарына жалған ақпарат бергендіктері анықталған.
Осыған байланысты Израиль билігі егерде бұндай жағдай алдағы уақытта қайталанатын болса, Монғолиямен арадағы визасыз режимді алып тастайтынын мәлімдеген.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы